23 қарашадағы биржа саудасында валюта бағамдары қалай өзгерді

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2026 жылғы 23 қарашада сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,2 теңгеге төмендеп, 455,12 теңге болды.

Ресей рублінің бағамы 0,02 теңгеге төмендеп, 5,54 теңгені құрады.

Қытай юанінің бағамы күндізгі саудада 0,31 теңгеге өсіп, 68,40 теңгеге жетті.

Айырбастау пункттерінде долларды 451,5 теңгеден сатып алып, 454 теңгеден сатады. Еуроны сатып алу бағамы – 497,5 теңге, сату бағамы – 501,9 теңге. Рубльді 5,24 теңгеден сатып алып, 5,36 теңгеден сатады.

23 қарашада әлемдік биржаларда мұнай бағасы да өсіп жатыр.

Лондондағы ICE (InterContinental Exchange Futures) биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 0,29 долларға қымбаттап, 92,86 долларға жетті.

Нью-Йорктегі NYMEX (New York Mercantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнайдың бір баррелі 0,32 долларға қымбаттап, 83,73 доллар болды.

Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 455 теңге, еуроны 498,77 теңге, рубльді 5,56 теңге деп белгіледі.

Қазақстандағы айырбастау пункттері 23 қарашада түске дейін шетел валюталарын қандай бағаммен сатып алып, сатқанын осы жерден көруге болады.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды