Темекі шегу тромбоздың пайда болу қаупін арттырады – дәрігерлер

Сурет: unsplash
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясынан кейінгі жиі кездесетін асқынулардың бірі-жүрек-қан тамырларының бұзылуы екенін ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

АҚШ ғалымдары темекі шегу тамырларды қорғауға жауапты генді әлсірететінін анықтады. Бұл қан ұйығыштарының пайда болу қаупін арттырады. Зерттеу авторлары Circulation журналындағы мақалада тромбтар тамырлардың созылғыштығын азайтады және жүрек ауруының туындау себебі болады деп жазған. Бұл тұжырым 140 мың адамның генетикалық материалын зерттеуге негізделген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, темекіні тұтыну – созылмалы аурулардың, соның ішінде обырдың, өкпе аурулары және жүрек-қан тамырларының ауруы дамуының негізгі қауіп факторларының бірі. Темекі жыл сайын 7 миллионға жуық өлімге әкеледі, оның 6 миллионнан астамы тұтынушылар мен бұрынғы темекі тұтынушылардың арасында. Ал 890 000-нан астамы темекі түтінінің әсерінен темекі шекпейтін адамдардың арасында болады.

Темекінің басқа да зияны:

Темекі шегуден бас тартқаннан кейін бір жыл өткен соң жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупі екі есе азаяды, 15 жылдан кейін қауіп мүлдем темекі шекпеген сау адамдағыдай ғана болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды