"Ғылыми сынақтар орталығы" ЖШС директоры әрі өнертапқыш Сергей Старковтан бірнеше күн бойы желіде "жүрген" фотосуреттер туралы не ойлайтынын сұрадық.
"Бұл арада гипсокартонның құлағанын көруге болады, ал ол қорабының қалыңдығы 0,5 мм-ден аспайтын қаңылтыр металдан жасалған әрі 150 келіден артық жүкке төтеп бере алмайтын тоңазытқышқа көп салмақ түсірмейді. Стандартты бөлменің бетон жабындысы ауданы мен қалыңдығына байланысты 6-10 тонна болып келеді. Тоңазытқыш мұндай салмаққа төтеп бере алмайды. Ал егер тек төбедегі гипсокартон түсіп кетсе, онда ол оған шыдайды деп болжауға болады. Интернеттегі суреттен гипсокартонның көлбеу құлағанын және тоңазытқыш маңында ашық кеңістік қалғанын көруге болады. Ондайда, әрине жанындағы адамның тірі қалуы мүмкін деп айтуға болады. Бірақ жоғарыдан қалыңдығы 20 см бетон құласа, тоңазытқыштың аман қалатынына ешкімдік кепілдік бере алмайды". Сергей Старков
Сондай-ақ, ғалым әлі күнге дейін капитальды қабырғаның бұрышына эмбрион позасында отыра қалу немесе жата қалу қауіпсіз болып табылатынын жеткізді.
"Капиталды қабырға, яғни кейіннен қосылған емес, әу баста, құрылыс жүргізілгенде тұрғызылған қабырғада болу аман қалуға көмектесе алады, оны "қауіпсіздік үшбұрышы" деп те атайды. Сондай-ақ, есіктің тұсы. Көбіне, құрылыс кезінде есіктің жоғары жағына тіреуіш қойылады. Кейіннен ол араға металл тіреуіштер пайдаланылып жүр. Металл болса, тіптен жақсы. "Үстіме не құлайды" деп аңтарылып тұрғаннан екі жақтауынан ұстап, есік астына барып тұра қалған да жөн. Тіреуіші ағаш болса, шытырлап, сына бастайды, әрине". Сергей Старков
Кейбір нұсқаулықтарда диван, төсек секілді ауыр заттың алдына ұзыннан ұзын сұлай кетуге кеңес беріледі. Мұны өнертапқыш, жоғарыдан құлаған заттарды олар ұстап қалып, белгілі бір қуыс орын туғыза алуымен түсіндіреді. Бірақ, бұл арада да 100 пайыз кепілдік жоқ.