Қыс таяп қалды: көлікті қысқа қалай дайындау керек

Технический осмотр машины, технический осмотр автомобиля, техосмотр, техосмотр машины, техосмотр автомобиля, ремонт машины, ремонт автомобиля, СТО, работники СТО, плановое техническое обслуживание, поломка автомобиля , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2025 12:10 Фото: pexels
Күз-қыс маусымы басталған сайын дөңгелек ауыстыру мәселесі барлық автокөлік жүргізушілері үшін өзекті бола түседі. Уақытылы "қайта жабдықталу" тек жолдағы қауіпсіздікке ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заң талаптарына да тікелей байланысты. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Дөңгелектерді қашан ауыстыру керек?

Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелеріне сәйкес, қысқы дөңгелектерді пайдалану 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін міндетті. Алайда тәжірибелі жүргізушілер мен мамандар тек күнтізбеге емес, ауа температурасына назар аударуға кеңес береді:

  • егер тәуліктік орташа температура +7°C-тан төмен түссе, қысқы дөңгелекке ауысатын уақыт келді;
  • көктемде температура +7°C-тан тұрақты жоғары болса, жазғы дөңгелекке қайта оралуға болады.

Айта кету керек, елдің әр өңірінде ауа райы әртүрлі: солтүстікте дөңгелек ауыстыруды қазан айында, ал оңтүстікте – қарашада жасаған жөн.

Дөңгелектерді ауыстыру тәртібі

  • Олардың жай-күйін тексеріңіз
  • Қысқы дөңгелектерде протектор тереңдігі кемінде 4 мм, ал жазғысында – кемінде 1,6 мм болуы тиіс.
  • Жарықтар, ісінулер немесе біркелкі емес тозу болмауы керек.
  • Дөңгелектердегі ауа қысымын тексеріңіз. Ауыстырғаннан кейін қысымын көлік өндірушісі көрсеткен нормаға келтіріңіз (әдетте бұл ақпарат көліктің есік тірегінде немесе бензобак қақпағында жазылады).
  • Балансировка жасау. Дөңгелектерді орнатқан соң діріл мен біркелкі емес тозудың алдын алу үшін балансировка жасату ұсынылады.
  • Ауыстырылған дөңгелектерді дұрыс сақтау

Егер дөңгелек дискімен бірге болса – горизонталды күйде жатқызып немесе ілулі сақтау керек.

Егер дискісіз болса – вертикалды күйде сақтап, уақыт өте келе бұрып тұру қажет.

Сақтау температурасы: +5°C пен +25°C аралығы, тікелей күн сәулесінен аулақ жерде.

Дөңгелектерді уақытында ауыстыру неге маңызды?

Оларды уақытында ауыстырмау келесі келеңсіздіктерге алып келуі мүмкін:

  • тайғақ жолда тежелу қашықтығының ұлғаюы;
  • көлікті басқару қиындайды;
  • дөңгелек пен көлік аспасының тез тозуы;
  • ЖҚЕ талаптарына сәйкес келмегені үшін айыппұл (кей жағдайларда ескерту немесе әкімшілік жаза беріледі).

Бұған дейін ШҚО-да қазан басталысымен көктайғақ болғанын жазған болатынбыз. Мәселен, құтқарушылар 5 қазанда жол бойында тайғанақтап жүре алмаған үш көлікке көмек көрсетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: