Бізге - 25 жыл: Zakon.kz сайтының дизайны қалай өзгерді

Сайттың интерфейсі жылдан-жылға дамып келеді. Оқырмандардың заманауи қажеттіліктері мен сұраныстарына үнемі бейімделіп отырады.
Ағымдағы аптада интернет-басылымның оқырмандары 25 жыл ішінде Zakon.kz сайтының қалай өзгергенін көре алады.
2000 жылдың басында біздің сайт келесідей болды:

Сурет: Zakon.kz
Бұл жерде пайдаланушылар сайтқа кіріп, саяси, құқықтық, қаржылық және әлеуметтік тақырыптардағы соңғы жаңалықтарды оқи алатындай етіп жаңалықтар арнасына баса назар аударылды.
Сондай-ақ, маңызды компонент заң және құқықтық салалардағы соңғы өзгерістер туралы білуге болатын заңнамалық айдар мен бухгалтерлерге арналған бөлім болды. Бұдан бөлек, сайттан тікелей өтуге болатын "Заң форумы" да көпшіліктің ықыласына бөленді. Онда оқырмандар заң саласындағы соңғы жаңалықтарды талқылады, әріптестерімен кеңесіп, заңнама мен құқықтану ұғымдарына сүйене отырып, даулы мәселелердің шешімдерін талқылады.

Сурет: Zakon.kz
2004 жылы сайттың келбеті заманауи қалыпқа өзгерді. Жаңалықтар бағанасын ортаға орналастырып, ауқымын кеңейте түсті. Безендіруде бірыңғай түсті гамма қолданылып, басты бет қысқаша блоктарға бөлінді.
Бұл уақытта ақпараттық басылым біртіндеп дамып, бұқаралық ақпарат құралдары арасында жетекші орынға ие болды.

Сурет: Zakon.kz
Сайт 2014 жылы жаңа дизайнда жаңалық тарата бастады. Бірқатар айдарлар қосылып, мазмұн тақырыптар бойынша бөлімдерге бөлінді. Қосымша ақпараттық блоктар, ауа райы болжамы және валюта бағамы пайда болды.

Сурет: Zakon.kz
Араға бес жыл салып, 2019 жылы сайттың дизайны түбегейлі болмаса да, қайта өзгерді. Оқырмандардың сұранысына қарай аналитикалық мақалалар мен эксклюзивті материалдар саны бірнеше есе өсті.

Сурет: Zakon.kz
25 жыл ішінде Zakon.kz жаһандық ақпараттық экожүйеге айналды. Жаңалықтармен таныстырып қана қоймай, сонымен қатар ел заңнамасында болып жатқан өзгерістерді түсіндіре отырып, құқықтық мәселелер бойынша кеңес беретін бірден-бір ақпарат алаңы ретінде қалыптасты.
Айта кетейік, жақын арада Zakon.kz ақпараттық желісі оқырмандарына жаңа сайт дизайнын ұсынады.