Zakon.kz 25 жылдық мерейтойын атап өтеді!

Басылым 90-жылдардың соңында құрылды. Бастапқыда бұл жоба жай ғана өршіл идея болды және оны бар болғаны құқық және заң, артынша экономика мен саяси жаңалықтарға қызыққан бірнеше адам құрды. Олардың негізгі мақсаттары "түсініксіз" тілде жазылған құқықтық норманы жұртшылыққа қарапайым тілмен "жеткізу" болды.
Біртіндеп материалдарға сұраныс артып, тұрақты оқырмандар қалыптасты. Осылайша, портал ауқымын кеңейтіп, кәсіби журналистерді тарту арқылы ақпараттық желі ретінде өзін көрсете бастады.
Бүгінде Zakon.kz-те еліміздің барлық өңірлерінен, сондай-ақ, алыс-жақын шет елдерден өз ісінің майталмандары қызмет етеді. Айта кетерлігі, 25 жыл өтсе де интернет-басылымның бастапқы мақсаты әлі де айқын. Күрделіні қарапайым тілмен түсіндіру, оқырмандардың көкейтесті сұрақтарына жауап беру, маңызды ақпаратты жедел әрі шынайы жеткізу редакция қызметкерлерінің негізгі міндеті.
Zakon.kz - оқырман күнделікті жаңалықтармен танысатын басылым ғана емес. Біздің команда ресурсты үлкен ақпараттық экожүйеге айналдыру үшін баспа сөзінен асып түсті. Бұл ретте Zakon.kz мемлекеттік сектор өкілдерін, кәсіпкерлерді, заңгерлерді, саясаттанушыларды, экономистерді, әлеуметтанушыларды және басқа да көптеген салалардың сарапшыларын біріктіретін тікелей эфирлер, конференциялар, республикалық іс-шаралар өткізуде.
Жарқын мысал - Қазақстанның барлық ірі қалалары мен елді мекендерінде өтетін және құқықтық көмекке мұқтаж жүздеген мың адамды жинайтын жыл сайынғы "Халық заңгері" акциясы. Жобада заңгерлер қарапайым халыққа тегін кеңес өткізеді.
Сондай-ақ, ақпараттық желінің теңдессіз "Құқық" және "заңгердің кеңестері" айдарлары көпшіліктің ықыласына бөленген.
Бұдан бөлек, басылым саясат пен қаржының басты жаңалықтарымен бөліседі, сарапшылар пікірлерін ұсынады, спорт пен мәдениеттегі жетістіктерді де қалыс қалдырмайды.
Халықтың көкейіндегі сұрақтарға жауап беру үшін авторлық материалдар да үнемі дайындалады.
Нақты сандар сөйлесін:
- Zakon.kz сайтына ай сайын 10 миллионнан астам тұрақты оқырман кіреді;
- Ай сайын материалдар 25 миллионнан астам қаралым жинайды;
- Әлеуметтік желіде 1 миллионнан астам жазылушы бар;
- 25 жыл ішінде сайтта 500 мыңнан астам материал жарияланды.
- Соңғы бес жылда Zakon.kz екі рет "жылдың үздік жаңалықтар порталы" ретінде ұлттық URKER сыйлығын жеңіп алды.
Мереке қарсаңында 25 жыл ішінде Zakon.kz сайтының дизайны қалай өзгергенін жариялаған болатынбыз.