Тәуелсіздік күніне орай Астана мен Алматыда отшашу болады ма

Отшашу, Астана, Алматы, Тәуелсіздік күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2024 18:20 Сурет: unsplash
2024 жылғы 16 желтоқсанда еліміз Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Осыған байланысты Zakon.kz Астана мен Алматыда отшашу бола ма, болмай ма, соны анықтап көрді.

Елорда әкімдігі Тәуелсіздік күніне орай қалада 50-ден астам түрлі мерекелік және ресми іс-шаралар, соның ішінде көрмелер, концерттер, сурет байқаулары, турнирлер мен спартакиадалар өтетінін атап өтті.

"Отшашу болмайды". Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Өз кезегінде оңтүстік астана билігі 16 желтоқсанда Республика алаңында Тәуелсіздік монументіне, 17 желтоқсанда 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының 38 жылдығы аясында "Тәуелсіздік таңы" ескерткішіне гүл шоқтары қойылатынын айтты.

"Алматыда Тәуелсіздік күніне орай отшашу ату жоспарланбаған". Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы кеңесі Республиканың тәуелсіздігі және Мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылдады. КСРО ыдырағаннан кейін ҚазКСР посткеңестік кеңістіктегі соңғысы болып өзінің мемлекеттік егемендігін жариялады. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: