Астана, Алматы және Шымкентте Республика күніне орай отшашу бола ма

Отшашу, Астана, Алматы, Шымкент, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2023 18:08 Сурет: freepik
25 қазанда Қазақстан Республика күнін атап өтеді. Осыған орай Zakon.kz тілшісі Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктеріне хабарласып, даталы күні мерекелік отшашу болатын-болмайтынын сұрап білді.

Елорда әкімдігі Республика күніне орай қалада 200-ден астам мәдени-бұқаралық, білім беру, спорттық және әлеуметтік іс-шаралар өткізу жоспарланып отырғанын жеткізді. 

"Іс-шаралар орталық алаңдар мен ірі нысандарда, сондай-ақ тұрғын алаптардың аумақтарында, білім беру ұйымдарында және т.б. орындарда өтеді. Отшашу болмайды". Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкентте де отшашу болмайды.

"Жоқ",- деп қысқа қайырды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі осы сипаттағы біздің сұраққа берген жауабында. 

Бұл тұрғыда оңтүстік мегаполис тұрғындарының жолы болды деп айтуға болады.

"25 қазанда сағат 20:00-де Астана алаңында Республика күніне орай мерекелік отшашу атылады". Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: