ШҚО-дағы көктайғақ: құтқарушылар жол бойында тайғанақтап жүре алмаған үш көлікке көмек көрсетті
Сурет: видеодан алынды
2025 жылы 5 қазанда түнде Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданында құтқарушылар көктайғақ салдарынан жол бойында тұрып қалған үш автокөлікке көмекке келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТЖМ қызметкерлері үш автокөлікті көктайғақ емес бетке сүйреп шығарды.
"Жеті адам болған автокөліктерді құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен таза жолға сүйреп шығарды. Сонымен қатар ішінде бір нәрестесі бар төрт адам жақын елдімекенге жеткізілді. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ", делінген төтеншеліктер хабарламасында.
Айта кетсек, күні кеше Абай облысында алғашқы қар түсті.
ТЖМ қыс мезгіліне өз автокөлігіңізді жабдықтау қажеттілігін еске салады. Ауа температурасының төмендеуі мен жауын-шашынның түсуіне байланысты өңірдегі жол-көлік жағдайы күрт қиындады: қар аралас жаңбыр жауып, қатты жел тұрып, жолда көктайғақ белең алған.
Абай облысының полиция департаменті жүргізушілерге мынадай сақтық шараларын қатаң ұстануды ескертеді:
- дөңгелектерді уақытылы ауыстыруды жоспарлау;
- қозғалыс жылдамдығын қатаң сақтау;
- алдындағы көлікке дейінгі арақашықтықты ұлғайту.
Бұл қарапайым ережелер жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, өмір мен денсаулықты сақтауға көмектеседі.
Бұған дейін СҚО-да қалың қамыс арасында қалып кеткен шопан дронның көмегімен табылғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript