Жетісу облысында тауда батқан көлікке көмекке атанған құтқарушылар үш шақырым жаяу жүрген

Батпақ, бату, Жетісу облысы, тау, құтқарушылар, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2025 09:50 Сурет: freepik
Жетісу облысында тауда батып қалған көлікке көмекке атанған құтқарушылар үш шақырым жаяу жүруге мәжбүр болды, деп хабарлайды zakon.kz.

ТЖМ қызметкерлері кабинасында екі адамы бар, тауда батып қалған көлікке көмекке бару үшін 70 шақырымды артқа тастаған, оған қоса үш шақырым бойы батпақ кешкен. 


"ААШШ жүйесі арқылы 112-ге ер адам хабарласып, нөсер жаңбыр салдарынан таудан автокөлікпен өз бетінше түсе алмай тұрғандарын айтып, көмек сұрды. Оқиға Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Көкжар ауылынан 5 шақырым қашықтықта болған. Құтқарушылар өтімділігі жоғары автокөлікпен 70 шақырымға жуық жол жүріп өткен, ал одан кейін топырақты жер жаңбырдың салдарынан езіліп, көліктің ары жүруіне мүмкіндік берген. Құтқарушылар қалған үш шақырымға жуық жолды жаяу өткеру туралы шешім қабылдады әрі өздерімен бірге күрек және тағы басқа сайманды ала жүрді", делінген хабарламада.

Құтқарушылар көмек сұрағандарға аман-есен жеткені, батпаққа батқан көлікті күректің көмегімен шығарғаны да нақтыланады.  Содан кейін оларды Қабанбай ауылына дейін жеткізіп салған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: