Жетісу облысында тауға аттанып, жоғалып кеткен үш адамды іздеу үшін тікұшақ көкке көтерілді
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Жетісу облысында тауда адасып кеткен үш адамды іздеуге "Қазавиақұтқару" тікұшағы тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі жергілікті үш тұрғын 24 қаңтарда таңертең үш жол талғамайтын көлікпен Жетісу облысының таулы жерлеріне мал іздеуге шығып, содан жоғалып кеткенін хабарлайды. Олар кешке қарай байланысқа шықпағандықтан, мазасызданған туыстары ТЖМ құтқарушыларының көмегіне жүгінген.
"Жедел-құтқару жасағының мамандары дереу іздестіру жұмыстарына кірісіп, тиісті күштер мен құралдарды жұмылдырды. Бүгін Қазавиақұтқару әуе бортын пайдалана отырып, ер адамдар Алакөл ауданы Көктерек ауылынан 30 шақырым қашықтықта табылды. Олардың айтуынша, көлік ұялы байланыс болмаған жерде қар құрсауында қалып кеткен", делінген министрлік хабарламасында.
Зардап шеккендердер медициналық көмекке мұқтаж болмапты.
Бүгін, 24 қаңтарда синоптиктер қатты аяз болатынын хабарлап, еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жариялаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript