Жетісу облысында құтқарушылар жоғалған малшыларды тапты

Жетісу облысында құтқарушылар жоғалған малшыларды тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2024 09:30 Сурет: видео скрині
Жетісу облысында ТЖМ құтқарушылары жоғалған малшыларды тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алакөл ауданы Достық ауылынан 45 шақырым жерде 1966 және 1968 жылдары туған екі ер адамды іздестіру жұмыстары жүргізілді, олар 23 қарашада мал айдауға кетіп, осы уақытқа дейін байланысқа шықпаған. 

"ТЖМ құтқарушылары жол талғамайтын Трэкол автокөлігімен іздестіру жұмыстарына аттанып, екі сағаттан кейін жоғалғандарды тапты. Олар адасып кеткендерін айтты. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ". Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Құтқарушылар оларды Достық ауылына жеткізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: