Жетісу облысында жоғалған екі жасөспірім Шымкенттен табылды

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2023 23:31 Сурет: polisia.kz
Жетісу облысында жоғалған екі жасөспірім Шымкенттен табылды. Жоғалған оқушыларды іздеу жұмыстары соңғы екі аптадан бері жүргізілді, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

15 жастағы Ақерке Жолдасова мен 16 жастағы Әмір Тергеуов Үштөбе қаласынан хабар-ошарсыз кеткені туралы арыз Қаратал ауданының полицейлеріне 6 қыркүйекте жазылды.

Кәмелетке толмағандарды жаппай іздеу жұмыстарын олардың туыстары, полиция қызметкерлері жүргізді, сондай-ақ мектептің педагогикалық ұжымы мен еріктілер қосылды.

"19 қыркүйекте із-түзсіз жоғалғандардың орналасқан жері анықталды. Екі мектеп оқушысы да Шымкент қаласында екені белгілі болды. Полицейлер кәмелетке толмағандарды Үштөбеге жеткізіп, ата-анасына тапсырды. Екі жасөспірім де аман-есен, дендері сау".Жетісу облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Қайрат Жүрінов
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: