Алайда косметологиялық клиникаларға барған кезде барлығы ботокстың жарамдылық мерзіміне және ең бастысы Қазақстанда осы құралдың тіркелгеніне назар аудармайды.
Бүгінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізіліміне сәйкес ҚР-да ботулинотерапияда қолдануға арналған 12 дәрілік зат тіркелген. Олар "Ботулакс", "Ксеомин", "Вистабель", "ФОРТОКС®️", "Диспорт®️", "Нейронокс" сауда атауларымен ұсынылған. Бұл дәрілер дәрігердің рецепті бойынша қатаң түрде беріледі.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі инъекцияларды өз бетінше енгізбеуге, тек қана сертификатталған мамандардың қызметтерін пайдалануға және елімізде тіркелген, дәрігердің рецепті бойынша жазылған дәрілік заттарды ғана сатып алуға кеңес береді.
"Қазақстан Республикасының заңнамасында рецепт бойынша дәрілік заттарды рецептсіз сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін айта кету керек. Дәрілік заттардың заңсыз айналымы үшін тек әкімшілік қана емес, сонымен қатар қылмыстық жауапкершілік те көзделген", - делінген министрлік хабарламасында.
Ұйымның таңдалған ем-шараларды жүргізуге лицензиясы бар екеніне көз жеткізу маңызды. Оны мына сілтеме арқылы тексеруге болады.