Балалардың гаджетке тәуелділігін қалай азайтуға болады

Балалардың гаджетке тәуелділігін қалай азайтуға болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2026 13:18 Сурет: magnific
Смартфондар бүгінде күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда оларды шамадан тыс пайдалану адамның мінез-құлқына, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасына және күнделікті өмір салтына кері әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандардың айтуынша, бұл мәселе әсіресе жасөспірімдер арасында жиі кездеседі.

The Conversation басылымының жазуынша, зерттеушілер жасөспірімдердің миы әлі толық қалыптасып бітпегенін айтуда. Әсіресе, өзін-өзі бақылауға, жоспар құруға және өз әрекетінің салдарын бағалауға жауап беретін ми бөліктері әлі даму үстінде болады.

Сондықтан жасөспірімдер әлеуметтік желілердегі лайк, пікір, хабарлама сияқты жылдам марапаттарға ересектерге қарағанда көбірек мән береді және олардан оң әсер алуға бейім келеді.

Баланың телефонға тәуелді болғанын қалай байқауға болады?

Мамандар мынадай белгілерге назар аударуға кеңес береді:

  • телефонға келген хабарламаларды үнемі тексеріп отыру;
  • бос уақытын гаджетсіз өткізе алмау;
  • жақындарымен немесе достарымен бетпе-бет сөйлесуге қызығушылығының азаюы;
  • сабақ оқу немесе басқа да маңызды істерді кейінге қалдыру;
  • түнде ұзақ уақыт телефон қолданудың салдарынан үнемі шаршап жүру.

Смартфонға тәуелділік қалай қалыптасады?

Ғалымдардың айтуынша, смартфонға тәуелділік күтпеген марапат беру механизмі арқылы қалыптасады. Яғни, жаңа хабарлама, лайк немесе ескерту келген сайын адам қысқа уақытқа қуанып, мазасыздығы азаяды. Уақыт өте келе адамның миы осыған үйреніп кетеді. Тіпті телефонға көз түскеннің өзінде оны алып, тексергісі келетін әдет қалыптасады.

Ата-аналар не істеуі керек?

Мамандардың пікірінше, ең алдымен ата-аналар өздерінің гаджет қолдану мәдениетіне назар аударуы қажет. Олар отбасы мүшелері бірге отырған кезде телефонды мүмкіндігінше қолданбауы, смартфондарды үнемі қолжетімді жерде ұстамауы, балаларымен бірге телефон пайдалану ережелерін келісіп, саналы түрде сақтауы керек.

Мамандардың айтуынша, ата-ананың жеке үлгісі мен отбасында ортақ ереженің болуы балалардың гаджетке тәуелділігінің алдын алуға көмектеседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: