Су тасқыны кезінде жер үйлердегі септикке не істеу керек – гидротехник кеңесі

Атырауда әлі орталықтандырылған кәріз жүйесі жоқ, тек 2021 жылдан бастап КОС салынып жатыр. Сондықтан мұнда жеке сектордың септиктері ішіндегі зиянды қалдықтардың су бетіне қалқу қаупі туындаған. Әкімдік осы мәселе шешімін қарастыру үшін білікті гидротехник іздеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысы ТЖ жөніндегі жедел штабтың мәліметінше, Ресейдің Санкт-Петербург қаласында гидротехник болып жұмыс істейтін атыраулық азамат аула септиктерін су тасқынына қалай дайындау керектігі туралы нұсқаулық әзірледі. 

Конструктор-гидротехник, Санкт-Петербургтегі сәулет-құрылыс тобының жетекшісі, гидротехникалық құрылыс саласының магистрі Қарлығаш Жасталапова сәуір айының басында әлеуметтік желіден Атырау облысындағы су тасқыны туралы жаңалықтарды оқып-біліп, сонда тұратын әпкесіне хабарласқан. 

"Мен жыл сайын Атырауға барамын. Әпкем маған гидротехниктерді іздестіріп жатқан әкімдік маманының байланыс нөмерін берді. Осылайша, әріптестеріме бірнеше кеңестер бердім", - деді Қарлығаш Жасталапова.

Көп ұзамай маман Қазақстанның сәулетшілер мен инженерлер қауымдастығының қолдауымен жағалауды нығайту бойынша нұсқаулық жазды.

"Адамдар үйді қалай қорғауға болатынын, септикпен не істеу керектігін сұрай бастағандықтан, мен оларға көмектесу керек деп шештім.  Қалада жеке сектордың пайызы өте жоғары және әр үйдің өз септиктері бар. Егер үлкен су келген жағдайда септиктің ішіндегісі жер бетіне қалқып шықса, Атырау өте қиын жағдайға тап болады. Бұл нұсқаулықты қазір әкімдік бекітіп, қала тұрғындары менің нұсқаулығымды басшылыққа ала бастады, бұл үшін оларға үлкен рақмет", - деді гидротехник маман Қарлығаш Жасталапова.

Маманның кеңесімен үш түрлі септик бойынша нұсқаулық әзірленген.

Полимер материалдан жасалған септик. Ондайда:

Темір бетон құрылғысынан жасалған септик. Ондайда: 

Кірпіштен қаланған септик. Ондайда:

Атырау
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: