Қоғамдық бассейнде демаламын деп, инфекция жұқтырып алмаңыз - сақтық шаралары

Фото: Zakon.kz
Жаздың аптап ыстығында теңізге шыға алмаған қазақстандықтар, бассейнді паналап, демалып жатады. Алайда, осы судың адам денсаулығына тигізер кері әсері де жоқ емес. Сондықтан, сақтық шараларын естен шығармаған жөн. Толығырақ Zakon.kz материалында.

Суды жұтып қоймау

Бассейндегі су хлорланған ғана емес, сонымен қатар балшықпен, косметикамен және дене сұйықтықтарымен өзара әрекеттесу өнімдерін қамтиды. Сондықтан дәрігерлер суды жұтып қоюдан сақтануға шақырады.

Сурет: pixabay

Суға көзді ашып түсуге болмайды

Арнайы құралдарсыз (жүзуге арналған көзілдіріксіз) тереңге жүзу жақсы идея емес. Бұл көзге ауыр салмақ түсіріп, қызаруына алып келуі мүмкін. Келеңсіз жайтқа тап болғыңыз келмесе, қарапайым жүзу көзілдірігін қолданыңыз. Ең бастысы ол бетке тығыз жабысып, судың өтуіне жол бермеуі керек.

Маңызды! Көздегі линзамен суға түсуге болмайды. Ол тек көздің қабынуын арттырады.

Сурет: pixabay

Жеке гигиена ережелері

Шомылғаннан кейін бірден душ қабылдау қажеттілігін бәріміз білеміз. Алайда, сарапшылардың айтуынша, мұны мүмкіндігінше бір рет емес, әр сағат сайын жасаған дұрыс, сондай-ақ мұрынды да жылы сумен шаюды ұмытпау керек.

Сурет: pixabay

Дәрігерлер суға арналған киімді мүмкіндігінше жабық таңдауға кеңес береді.

Бассейнге жиі баратын адамдар үшін резеңке қалпақ та пайдалы.

Басқаларға қамқорлықпен

Өзіңіз инфекция мен зиянды заттарды таратпау үшін, суға түсер алдында денеңізді сабынмен мұқият жуыңыз. Әйел адамдарға косметиканы да жуып тастау ұсынылады.

Балаларыңызды мұқият қадағалаңыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты