Мамандар ең алдымен барлық жолаушылар пойыздарының жолсеріктері алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша арнайы даярлықтан өтетіндігін атап өтті.
Сонымен қатар, әр пойыз медициналық қобдишамен жабдықталған.
Жол үстінде жолаушының жағдайы нашарлаған жағдайда:
- Вагон жолсерігіне дереу хабарлау қажет. Жолсерік жолаушының жағдайын бағалап, өз құзыреті шеңберінде алғашқы көмек көрсетеді.
- Қажет болған жағдайда жолсерік пойыз бастығын хабардар етеді. Пойыз бастығы қажетті шараларды қабылдап, медициналық қызметтермен байланысты қамтамасыз етеді.
- Шұғыл жағдай туындаса, жедел жәрдем шақырылады. Қажет болған жағдайда пойызды жақын станцияда медицина қызметкерлері қарсы алады немесе ерекше жағдайларда белгіленген тәртіпке сәйкес жоспардан тыс тоқтау жасалуы мүмкін.
- Жеке дәрі-дәрмектерді өзіңізбен бірге алып жүру ұсынылады.
"Созылмалы аурулары бар жолаушылар қажетті дәрілерді алдын ала дайындап, ықтимал қауіптер туралы жолсерікті хабардар еткені жөн"."Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі
Белгілі болғандай, пойыздарда төтенше жағдайлар тұрақты түрде орын алып жатады және олар тек жолаушының денсаулығының нашарлауымен ғана шектелмейді. Пойыз бригадаларының тәжірибесінде түрлі оқиғалар кездеседі, оның ішінде сапар барысында босану жағдайлары да бар.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы "Омикрон" коронавирусы бойынша жаңа мәлімет бергенін жазғанбыз.