Алматыда кәсіпкер көпбалалы және жағдайы төмен 50 отбасыға тегін баспана салып берді

Сурет: instagram/ergali_abdraimov
Алматыда «Мейірім мекені» үйі ашылды. Бұл – қаладағы көпбалалы аналар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету мақсатында іске асқан жоба, деп хабарлайды Zakon.kz

50 отбасы 5 жыл бойына тегін пәтерде тұруға мүмкіндік алды. Ондағы коммуналдық шығын мен жалдамалы пәтер ақысын кәсіпкерлер өздері көтереді. Осылайша, әлеуметтік санаттағы отбасыларға жағдайын күйттеп алғанша өз баспаналарына ақша жинауға мүмкіндік туып отыр.

Барлығы 50 отбасыға арналған екі қабатты үйдің құрылысы 3 жыл жүрген. Әлеуметтік жоба толықтай кәсіпкерлердің қолдауымен жүзеге асқан. Олар тек үй салып берумен ғана шектелмей, алдағы уақытта азық-түлік пен киім-кешекпен де көмектесетінін айтады.

Әкем үйсіз-күйсіз жүрген жандарды бұрын үйімізге әкеліп бағатын, біреулерден сондай отбасылар екен десе, соларды үйге әкеліп, көмектесетін. Менің әкем – соғыс ардагері. Біз де мұқтаж жандарға көмек беруді жөн көрдік. Ол бізге бұрыннан қанымызға сіңген қасиет, ата-бабаларымыз әрдайым жұртқа қамқор болған екен.Кәсіпкер Мәриаш Серікбайқызы

Жоба жетекшілерінің айтуынша, үй толықтай тұрғындар меншігіне өткізілмейді. Сонымен қатар баспана арнайы комиссияның тексеруінен өтіп, жағдайы өте төмен отбасыларға ғана беріледі. Бүгін арнайы комиссия қарауынан өткен 6 отбасыға пәтер кілті табысталды. Екі бөлмеден тұратын, барлық жиһаздармен жабдықталған және жуыну бөлмесі бар пәтерлерге жақын арада өзге тұрғындар да шетінен қоныстанады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы