Құрмет Талапқазы "Халық алғысын" иеленді

Сурет: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Биыл еліміздің батыс өңірлеріндегі қуаңшылыққа байланысты еріктілерді біріктіріп, сол облыстарға жем-шөп жіберуге айрықша үлес қосқан Құрмет Талапқазы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық алғысы» медаліне ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz

Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, халықтың алғысына бөленген Құрмет Талапқазыға марапатты Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев тапсырды.

Құрметтің отаншылдығы жастарға үлгі болатынын айтқан басқарма басшысы оған естелік сыйлық ұсынып, Түркістан өңірінің еңбекқор жұртшылығы игі бастамаларды әрқашан қолдап келе жатқанын атап өтті. Азаматқа елдің ықыласы ерекше екенін жеткізді.

Еске салсақ, қоғам белсенділері әлеуметтік желі арқылы биыл ала жаздай қуаңшылықтан зардап шеккен Маңғыстау облысына шөп жинап көмек көрсеткен Құрмет Талапқазыға Тәуелсіздік күніне орай құрмет көрсетілуін талап еткенін жазған едік.

Тақырыпқа орай мына мақаланы оқи отырыңыз

"Құрметке" Құрмет лайық

Көп ұзамай Ғылым және білім министрлігі Құрмет Талапқазыға Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде тегін білім алуға мүмкіндік бергендігі туралы сүйінші хабар келді.

Жақында қазақ халқы алғыс ретінде қомақты қаржы жинап, оған үй алып берді.

Шымкент
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі