Балалар жақсы көретін тәттіні немен алмастыру керек - маман жауабы

Жаңа жыл келіп, барлық баланың арманы орындалып, тәттілерге тойып жүрген болар. Алайда нутрициолог мамандар балаға беретін тәттілерді көп бермеу керектігін ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Нутрициолог Ақнұр Қозыбаева бала ағзасына балмұздақ пен чипсы зиян екенін айтады.

Бала денсаулығына балмұздақ пен чипсы өте зиян. Бірақ бала тәттіні жақсы көргендіктен, оны мүлде жемеуге болмайды деген сөз емес. Тек тәттінің орнын алмастыра алатын жеміс-жидектер - банан, алма, мандарин берген дұрыс. Банан тәтті, әрі тоқ жүресің. Мандаринде А, D, К сияқты витаминдер бар. Алма да дәруменнен кенде емес. Оның құрамында A, С, В1, В2, РР и Е, магний, фосфор, йод, темір, селен, калий, кальций, цинк бар. Сондай-ақ, алма ми мен жүрек жұмысын жақсартады. Ақнұр Қозыбаева

Сонымен қатар, балалар тәттіге құмартпау үшін, қарыны ашпай тұрып уақытылы тамақтану керектігін айтты.

Балаға уақытылы тамақ беру керек. Әсіресе ыстық тағамды ұмытпау қажет. Сорпа, балық тағамдары ағзаға өте пайдалы. Егер уақытылы тамақ бермесе, бала үйде тұрған тәттілерді жеп, тойып жүре береді. Ақнұр Қозыбаева
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: