Елордада күрестен әлем чемпионаты басталды
Сурет: olympic.kz
Астана төрінде күрес түрлерінен әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан құрамасынан алғаш болып грек-рим шебері Мерей Мәулитқанов бозкілемге шықты. Ол 77 келіге дейінгі салмақтағы алғашқы белдесуінде Кан Хенджинмен (Оңтүстік Корея) кездесті.
Отандасымыз айқын басымдық танытып, 9:0 есебімен белдесуді өз пайдасына шешті.
Сондай-ақ бүгін, 24 қазанда Исхар Курбаев (55 келіге дейін), Айдос Сұлтанғали (60 келіге дейін) және Ибрагим Магомадов (82 келіге дейін) ел намысын қорғайды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript