Алматыда күрес түрлерінен ел чемпионаты басталды

Күрес, Алматы, Қазақстан чемпионаты , сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2025 18:44 Сурет: ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
1 желтоқсанда Алматыда күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Республикалық турнирде алғаш болып грек-рим күресінің спортшылары бозкілемге шықты.

Алғашқы медальдар 55, 63, 72, 77, 82 және 130 келі салмақ сарапқа салынады.

Қазақстан чемпионаты 6 желтоқсанға дейін жалғасады. Жарыстар Almaty Arena спорт кешенінде өтіп жатыр.

Еліміздің әр өңірінен 1000-ға жуық балуан қатысып, үш стиль бойынша жеңімпаздар анықталады.

Жарыс нәтижесі бойынша бірінші орынға ие болғандардан Қазақстан құрамасы жасақталады, спортшыларға 2026 жылғы Азия чемпионатына және халықаралық додаларға жол ашылады.

Бұған дейін кәсіпқой бокстың орта салмағындағы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы 7 желтоқсанда Сан-Антониода (АҚШ) Эрисланди Ларамен болатын айқас алдында жастарға үндеу тастағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: