Түркістан облысында карантин мерзімі ұзартылды

Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысының бас мемлекеттік дәрігері өңірде карантин шараларына қатысты жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz

Карантин режимі мен шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылады.

Бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу, бетперде тағу сынды талаптар сақталады.

Ashyq жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс режимі:

Демалыс күндері қызметкерлері мен тұтынушылары "жасыл" қауіпсіз мәртебеге ие болған жағдайда (вакциналау, сынама алынған сәттен бастап 7 тәуліктен аспайтын, КВИ-ды теріске шығаратын ПТР-тест анықтамасының болуы, КВИ-ға қарсы вакцинаға тұрақты медициналық қарсы көрсетілімінің болуы немесе соңғы үш ай ішінде КВИ-мен ауырып, жазылған адамдар) объектілердің жұмысына жол беріледі.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды