Алматы облысында лаңкестік қауіптің «қызғылт сары» деңгейі жойылды

Сурет: Zakon.kz/Михеев
Алматы облысының арнайы және құқық қорғау органдары 7 ақпаннан бастап тұрақты жұмыс режиміне көшті. Облыс тұрғындарына азаматтық жауапкершіліктері үшін алғыс айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz

Алматы облысындағы лаңкестікпен күрес жөніндегі жедел штаб жағдайдың тұрақтанғанын хабарлады.

Штаб басшысының шешімімен Талдықорған, Текелі қалаларында, сондай-ақ Еңбекшіқазақ, Іле, Талғар, Жамбыл, Қарасай, Ақсу, Көксу, Ескелді, Қаратал аудандарында 7 ақпан сағат 00:00-ден бастап , лаңкестік қауіптіліктің жоғары «қызғылт сары» деңгейі жойылды.

Арнайы және құқық қорғау органдары штаттық жұмыс режиміне көшті.

Штаб барлық облыс тұрғындарына түсіністік танытып, азаматтық жауапкершілік танытқаны үшін алғыс білдірді.

Бұған дейін Алматы мен Жамбыл облысында «қызғылт сары» деңгей жойылған болатын.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Елімізде жаңбыр, қар жауып, -6 градусқа дейін аяз болады

Мәні де, мазмұны да айрықша – Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Тоқаевтың "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" жолдауы: толық мәтін

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі