Аниматор болу харам ба?

Сурет: unsplash
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы аниматор болу қызметі шариғатта құпталатын-құпталмайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚМДБ-ның хабарлауынша, шариғат бойынша аниматорлық қызметпен айналысу үшін бірнеше шарт орындалуы керек. Басқарма мамандарының сөзінше, шариғат бойынша өтірік айтуға, алдауға және жануардың іс-қимылын қайталап, оның дауысын салуға тыйым бар.

Аниматорлық қызметпен айналысу үшін мына шарттар орындалуы керек:

1. Өтірік айтпау, алдамау.

2. Себепсіз біреуді кінәламау, жазғырмау.

3. Жануарлардың іс-қимылын қайталау немесе дауысын салудан аулақ болу. Мысалы, ит сияқты үру, есек сияқты ақыру.

4. Дінді жаман көрсетпеу. Қандай жағдайда болмасын мұсылман адам әрқашан өз дінін, Пайғамбарын, кітабын, дін ғұламаларын қорғауға тиіс. Бұған сәлде, сақал, орамал және басқа да мұсылмандық атрибуттар мен сүннет саналатын істерді қосуға болады.

5. Ер адам әйелге, әйел кісі ерге және дінсіз адамға ұқсамау.

6. Ұят қылық көрсетпеу, әдепсіз сөз айтпау.

Қазақстан
ҚМДБ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты