«Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасы тағайындалды

Директорлар кеңесінің шешімімен Шовкопляс Андрей Владимирович «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Андрей Шовкопляс 1973 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Қазақстан мемлекеттік басқару академиясын «Халықаралық экономист» мамандығы бойынша тәмәмдаған; Массачусетс технологиялық институтын (MIT) бітірген, іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесі (MBA) бар. Тұрақты даму саласында МИТ кәсіби сертификаты бар.

Еңбек өтілі:

2019 жылдан бастап 2022 жылдың ақпанына дейін ANВ GROUP жеке әртараптандырылған холдингінің атқарушы директоры болып жұмыс істеді (Алматы қ., Қазақстан).

2019 жылы - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес компаниясы «QazTech Ventures» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары (Астана қ., Қазақстан).

2018-2019 жылдары – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің Басқарма төрағасының кеңесшісі (Астана қ., Қазақстан).

2015-2017 жылдары-бизнес және басқару саласында консалтингтік қызметтер көрсететін «Imagine Strategy» компаниясының негізін қалаушы/консультанты (Кембридж, АҚШ).

2005-2015 жылдары – «ҚМК Мұнай» АҚ Стратегиялық жоспарлау тобының жетекшісі, Директорлар кеңесінің мүшесі, президенті, вице-президенті (Ақтөбе қ., Қазақстан).

2005-2007 жылдары – «Imagine Web» халықаралық мүшелік корпорациясының негізін қалаушы және президенті (Алматы қ., Қазақстан).

2004-2005 жылдары - «Қазақстан Халық банкі» АҚ Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры (Алматы қ., Қазақстан).

2003-2004 жылдары - «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС стратегиялық жоспарлау тобының жетекшісі (Ақтөбе қ., Қазақстан).

2000-2003 жылдары-Көкжиде мұнай компаниясының қаржы директоры (CFO) (Ақтөбе қ., Қазақстан).

1999-2000 жылдары - «Акцепт» компаниялар тобы Президентінің стратегиялық жоспарлау жөніндегі кеңесшісі (Алматы қ., Қазақстан).

1999 жылы - «Қазақойл» ҰМК Стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары (Астана қ., Қазақстан).

1997-1999 жылдары – «Теңізшевройл» БК (Теңіз, Қазақстан) Жоспарлау және талдау жөніндегі менеджері.

1996-1997 жылдары – «Шеврон» корпорациясының халықаралық салық салу тобында тағылымдамадан өткен (Сан-Рамон, АҚШ).

1994-1996 жылдары – «Теңізшевройл» БК қаржылық қызметтер жөніндегі менеджері (Алматы қ., Қазақстан).

1993-1994 жылдары – «Шеврон» корпорациясының қаржы басқармасында тағылымдамадан өткен (Сан-Рамон, АҚШ).

Алматы Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: