8 наурыз күні сотталған қызға жігіті үйленуге ұсыныс жасады

Солтүстік Қазақстан облысындағы ЕС-164/6 мекемесінде жазасын өтеп жатқан Анастасияға халықаралық әйелдер күні қарсаңында сүйіктісі ұсыныс жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Анастасия әйелдер колониясында жазасын өтегеніне жарты жылдың жүзі болған. Ұрлық жасағаны үшін сотталған бұрымдының әлі 2,5 жылы бар.

Анастасия сүйіктісімен темір тордың ар жағына түспей тұрып танысқан, кейін бір-біріне хат жазысып, көңіл жарастырған.

Осылайша сүйіктісіне үйлену жөнінде ұсыныс жасап үлгермеген жігіт, мереке қарсаңында бойжеткенге тосын сый ұйымдастырды. Ғашығына қоңырау шалып, сезімін білдірген ол Анастасиядан өзіне күйеуге шығуын сұрапты. Қуанышын жасыра алмаған ару «иә» деп жауап берді.

Мен Тимурды қатты жақсы көремін. Ол мені бостандықта күтіп жүр. Болашағымды тек Тимурмен ғана елестетемін. Жақында екеуміз мекемеде некеге отырамыз. Бұл біз үшін ең маңызды күндердің бірі болмақ. Бостандыққа шыққасын жаңа өмірді бастаймыз. Көпбалалы ана болғым келеді», - сотталған Анастасия.

Былтыр СҚО-да сотталғандар арасында 19 неке қиылған.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: