Scat Ресейге ұшатын рейстерді көбейтеді

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Бұған дейін белгілі болғандай, Ресейден немес Ресейге және оның аумағынан коммерциялық рейстерді сақтандыруды тоқтатуға байланысты Air Astana-ның осы бағыттағы барлық рейстері 11 наурыздан бастап тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, «қазіргі уақытта министрлік Air Astana әуе компаниясымен бірлесіп, әуе рейстерін мүмкіндігінше қысқа мерзімде қалпына келтіру үшін мүдделі тараптармен осы мәселелерді жедел шешу үстінде».

«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ базасында жолаушыларға кеңес беру үшін рейстердің тоқтатылуына байланысты мына нөмірлер бойынша сенім телефоны іске қосылды:

Ұялы: +7 700 271 89 51

Ұялы: +7 700 271 89 52

Тел.: +7 7172 798 213

Тел.: +7 7172 798 215

Комитеттегі жолаушыларға «әуе компаниясының ақпараттық хабарламаларын және брондау кезінде көрсетілген байланыс деректері бойынша жеке мәліметтерді қарап отыруға» кеңес берілді.

Жолаушыларды Қазақстан мен Ресей арасындағы үздіксіз әуе қатынасымен қамтамасыз ету мақсатында ҚР ИИДМ ААК қазақстандық Scat әуе компаниясымен бірлесіп Қазақстан мен Ресей арасындағы, оның ішінде Нұр-Сұлтан бойынша тұрақты рейстердің санын жедел арттыру мәселесін пысықтады. Оның ішінде Мәскеу бағыттары (аптасына екіден жеті рейске дейін) және Алматы – Мәскеу (аптасына жеті рейске дейін) бар. Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі
Қазақстан
Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты