Оралда бюджеттен 400 миллион теңге ұрланды

Сурет: Zakon.kz
Оралда 399 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды. Ақша қала нысандарының бірінде құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге арналған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қылмыстық істің қатысушылары «Электромонтаж» АҚ филиалының директоры Сәрсенбаев пен Орал қаласы ММ құрылыс басқармасы бастығының орынбасары Исманов болды.

Тергеу барысында Орал қаласындағы «ПДП тұрғын алабын электрмен қамту» нысанында құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге арналған ақшаның ұрланғаны анықталды. ҚР АФМ баспасөз қызметі

Екі күдіктіге де сот үкім шығарды.

Қалалық құрылыс бөлімі бастығының орынбасары Исманов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 371-бабының 2-бөлігімен (Абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан) 2 жыл бас бостандығын шектеу, одан әрі мемлекеттік органдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. ҚР АФМ баспасөз қызметі

Ведомствоның мәліметінше, келтірілген шығын көлемі толығымен өтелген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін