Жеңілдетілген автонесие туралы егжей-тегжейлі айтылды

автокөлік, жол, машина Сурет: Zakon.kz
Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жеңілдетілген автонесие бағдарламасын қаржыландыру жағын шешкен жоқ. Әзірше екі нұсқа қарастырылып жатыр, деп хабарлады министрлік Zakon.kz-тің ресми сауалына.
Бірінші нұсқада «Оператор» РОП» компаниясы жинақтаған қаражаттан 100 млрд теңге бөлу қарастырылған. Екінші нұсқада республикалық бюджеттен қаражатты револьверлік негізде бөлу қарастырылған.Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Еске салайық, «Оператор РОП» ЖШС қызметі 19 қаңтарда тоқтатылды. Қазір компанияның барлық қаражаты «Жасыл даму» АҚ есепшотында.

Бағдарламаның шарттары мынадай:

қарыз алушы үшін номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 4%-дан аспайды;

бастапқы жарна талап етілмейді;

несие мерзімі жеті жылға дейін;

несие сомасы 10 миллион теңгеден аспауы керек.

Бағдарламаға отандық өндірістің көліктерін сататын барлық автосалон қатысады. Осылайша, JAC, Chevrolet, KIA, LADA, UAZ, MAN, Renault, Hyundai маркалы көліктерді сатып алуға болады.

Қазір «Жасыл Даму» АҚ тарапынан қаржы бөлу шарттары қарастырылып жатыр. Оператор – Қазақстанның Даму Банкі.

Министрлік қолданыстағы автонесие бағдарламалары бойынша 30 525 автокөлік берілгенін, 2021 жылдың қорытындысы бойынша нақты берілген несиелер сомасы 159 миллиард теңге болғанын айтты.

Айта кетейік, елімізде жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қайта қолға алынбақ. 23 ақпанда премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жаңа бағдарламаның шарттарын жариялап, «Жасыл даму» шотындағы 100 миллиард теңге жеңіл көлік сатып алуға берілетін несиеге аударылатынын хабарлады.

Қазақстан
Скляр Роман

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2025 жылдың 1 мамырынан бастап жедел жәрдем қызметі қалай жұмыс істейді

"Бөдененің жұмыртқасындай". СҚО-да бұршақ жауды

Телефондағы деректердің ұрлануынан қалай қорғануға болады - үздік 3 кеңес

Алматыда 30 сәуірде дабыл белгілері іске қосылады

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы