Атырауда атыс болып, үш адам қаза тапты

Сурет: Zakon.kz
Атыс жасаған күдікті қамауға алынды. Оқиға орнында Атырау облысы полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

15 наурызда сағат 20:00 шамасында Авангард терминалында атыс болды. Шабуылшы екі жігітті атып, үшіншісін ауыр жаралады, деп хабарлайды «Ақ Жайық».

Басылымның мәліметінше, шабуылдаушы Калашников автоматынан оқ атқан. Қала іргесіндегі Еркінқала ауылының 27 және 22 жастағы тұрғындары оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір 26 жастағы ер адам басынан оқ жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді.

Көп ұзамай оқиға орнынан тағы бір марқұм табылғаны хабарланды.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқ атқан адам қашып кеткен, полиция оны іздеп жатыр. Оқиға орнында Атырау облыстық ІІД жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Кейін атыс жасаған күдіктінің ұсталғаны белгілі болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді