Беларусь Бас прокуратурасы NEXTA-ны террористік ұйым деп тануды талап етуде

Сурет. prokuratura.gov.by
Беларусь Бас прокуратурасы NEXTA-ны террористік ұйым деп тануға қол жеткізгісі келеді. Тиісті арыз Жоғарғы сотқа жолданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

NEXTA бейресми ұйымын өзінің құрылымдық бөлімшелерімен NEXTA Live және LUXTAны Беларусь Бас прокуроры Андрей Швед террористік ұйым деп тануды талап етеді. Бұл туралы ол Беларусь Мемлекеттік прокуратурасының телеграм-каналындағы хабарламада айтты.

Андрей Швед республиканың Жоғарғы сотына тиісті арыз жолдады.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, 2021 жылдың қазан айында NEXTA, NEXTA Live және LUXTA телеграм каналдары Беларусьте экстремистік топ деп танылып, елде оның қызметіне тыйым салынған.

Еске салайық, 2021 жылдың мамырында NEXTA телеграм арнасының негізін қалаушы Роман Протасевич Минск әуежайында ұсталған болатын.

Сонымен қатар, жобаның негізін қалаушы Степан Путило бұдан бұрын Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің лаңкестік әрекетке қатысы бар тұлғалар тізіміне енгізілген болатын.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Тоқаев бірден төрт заңға қол қойды

"Заң мен тәртіп": Оралда есірткіге қарсы күрес күніне орай ауқымды іс-шара өтті

Қазақстанда стратегиялық цифрлық майнинг ережелері әзірленді