Қызылорда облысында бір литр сүтті 14,5 млн теңгеге бағалағандар әшкереленді

Сурет: pixabay
Қызылорда облысы Шиелі аудандық білім бөлімі мемлекеттік сатып алу сайтында лот жариялап, онда бір литр сүттің бағасын 14,5 млн деп көрсеткен. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

astanatv.kz сайтының жазуынша, сүттің құнын қолдан өсіргендерге ұсыныс жолданып, нәтижесінде сүт бағасы 223 теңгеге төмендетілген.

Қармақшы ауданындағы №275 мектеп қызметкерлері де 1 күртені 1,5 млн теңгеге бағалағаны белгілі болды. Олар 208 млн теңгеден астам қаржыға 125 күртеше алмақ болған. Тексерістен кейін күртенің бағасы 16 700 теңгеге түсірілген. Нәтижесінде 206 млн теңгеден аса қаржы үнемделді.

Мониторинг қорытындысымен 80-нен аса мемлекеттік мекемелерге ұсыныс жолданып, 3,3 млрд теңге көлемінде мемлекет қаржысы үнемделуіне қол жеткізілді. 2022 жылдың 2 айында 17 мекемеге жолданған ұсыныстардың нәтижесінде жалпы соммасы 351 млн 230 мың теңге бюджет қаражаты үнемделді.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ғалия Әлімқұлова
Қызылорда
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды