Қазақстанда есірткі саудасын қаржыландыру схемасы әшкереленді
Фото: unsplash
Ақтөбе облысында есірткі сататын интернет-дүкеннің мүддесі үшін төлем қабылдап, ақша аударумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылғы 2 қарашада ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) мәлімдеді.
Тергеу мәліметінше, Ақтөбе қаласының тұрғыны әлеуметтік желілерде айырбастау тобын ұйымдастырып, оған жеті сыбайласын тартқан.
"Топ мүшелері міндеттерді бөлісіп, төлемдерді тәулік бойы қабылдау жүйесін жолға қойған. Олар күндізгі және түнгі ауысыммен жұмыс істеген. Интернет-дүкен операторлары сатып алушыларды тапсырыстарын төлеу үшін айырбастау тобына бағыттаған. Төлем расталғаннан кейін сатып алушыларға есірткі жасырылған орындардың координаттары берілген. Күн сайын айырбастау тобы арқылы 50-ден 70-ке дейін төлем операциясы жүргізілген. Ақша қабылдау үшін үшінші тұлғалардың, яғни дропперлердің атына рәсімделген 22 банк картасы пайдаланылған", – деп хабарлады ҚМА баспасөз қызметі.
Агенттіктің мәліметінше, кейін түскен қаражат криптовалютаға айырбасталып, есірткі бизнесін басқарушылардың бақылауындағы криптоәмияндарға аударылған.
"Аударымдардың жалпы сомасы 918 мың USDT-ден асты. Бұл 400 миллион теңгеден астам қаражатқа тең. Схеманы ұйымдастырушы қамауға алынды", – деп хабарлады ведомство.
ҚМА тергеу амалдары жалғасып жатқанын атап өтті.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Еске салайық, 2026 жылғы 29 қазанда ҚМА банк қызметкерлерінің қатысуымен 188 млрд теңгеге қатысты схеманың әшкереленгенін хабарлаған болатын. Агенттік онлайн-казиноларға көрсетілген қызметтердің ауқымын жариялады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript