Жыл соңына дейін Қазақстанда тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткіші қаншаға жетеді

Дом, жилье, квартира, недвижимость, покупка дома, покупка жилья, покупка недвижимости, покупка квартиры, аренда, аренда квартиры, аренда дома, аренда жилья, съемное жилье, съемная квартира, съемный дом, продажа дома, продажа жилья, продажа квартиры, ипотека, ипотечная программа, ипотечное жилье, дом в ипотеку, квартира в ипотеку, цены на квартиры, цены на жилье, цены на дома, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2026 11:02 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімет басшысының айтуынша, құрылыс саласын ынталандыруға бағытталған мемлекеттік шаралардың нәтижесінде тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткіші 2018 жылғы 21,6 шаршы метрден биыл бір адамға шаққанда 25,2 шаршы метрге дейін өскен.

"Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 25,6 шаршы метрге жетеді деп күтілуде. Қазір елімізде жыл сайын 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі. 2018 жылы бұл көрсеткіш шамамен 10 миллион шаршы метр болған. Бүгінде халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткішін Ұлттық статистика бюросы Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық стандарттарына сәйкес есептейді", – делінген Олжас Бектеновтің жауабында.

Премьер-министрдің түсіндіруінше, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткіші нақты тұратын азаматтардың саны мен тұрғын үй-жайлардың жалпы ауданы негізінде есептеледі.

Сонымен қатар отбасылардың тұрғын үй жағдайы мен табысын бағалау өңірлер бөлінісіндегі тұрғын үй шығындарын, коммуналдық жағдайларды және кірістер құрылымын қамтитын өмір сапасы индексі арқылы жүргізіледі.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында келесі жылды Жаппай жалпыхалықтық құрылыс жылы деп жариялауды ұсынған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: