Отбасының цифрлық картасына қарттарға көмек көрсету функциясы қосылады

Пожилые люди, пожилой человек, пожилой, пожилая, пожилые, пенсионеры, пенсионер, пенсия, пенсионный возраст , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2026 12:50 Фото: Zakon.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында Отбасының цифрлық картасын қарт адамдарға көмек көрсетуге арналған жаңа функциямен толықтыру жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, Отбасының цифрлық картасы жеке деректерді қорғау туралы заңнама талаптарын сақтай отырып, жүйедегі мәліметтер негізінде қолдауды қажет етуі мүмкін азаматтарды алдын ала анықтауға мүмкіндік береді.

"Қазіргі уақытта Отбасының цифрлық картасында қарт адамдардың функционалдық жағдайын бағалауға мүмкіндік беретін бірқатар мәлімет бар. Келесі кезеңде егде жастағы адамның бөгде адамдардың көмегіне қаншалықты тәуелді екенін анықтау жоспарланып отыр", – делінген премьер-министрдің жауабында.

Осы мақсатта денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары арасында деректер алмасу, жеке қажеттіліктерді бағалау нәтижелерін есепке алу және көрсетілетін қызметтерді бақылау мәселелері пысықталады. Бұл ретте қолданыстағы цифрлық жүйелердің функцияларын қайталамау көзделген.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда егде жастағы адамдарға медициналық көмек көрсету тәртібі өзгеретіні туралы жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: