Қазақстанда ядролық медицинаны дамытуға ондаған миллиард теңге бөлінеді
Сурет: akorda.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында ядролық медицинаны дамыту жоспарларын таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның мәліметінше, қазіргі уақытта елімізде радиофармацевтикалық препараттар өндіретін 5 өндірістік алаң, 24 құрылғымен жабдықталған 12 ядролық медицина орталығы және 23 белсенді палата жұмыс істейді.
"Онкологиялық көмектің маңыздылығын ескере отырып, диагностикалық мүмкіндіктерді арттыру бойынша шаралар қабылдануда. Инфрақұрылым кеңейген сайын зерттеу көлемі де ұлғаяды", – делінген жауапта.
Атап айтқанда, мынадай көрсеткіштер жоспарланған:
- 2026 жылы – 68 мыңға дейін зерттеу, 18,8 млрд теңге;
- 2027 жылы – 73 мыңға дейін зерттеу, 20,1 млрд теңге;
- 2028 жылы – 134 мыңға дейін зерттеу, 37 млрд теңге.
Сонымен қатар, жаңа радиофармацевтикалық препараттарды қолдана отырып жүргізілетін диагностикалық зерттеулерге тарифтерді бекіту жұмыстары жүргізілуде.
Премьер-министрдің айтуынша, ядролық медицина қызметін жетілдіру мақсатында 2026–2031 жылдарға арналған арнайы Жол картасы бекітілген. Құжат аясында инфрақұрылымды дамыту, радиофармацевтикалық өндірісті кеңейту, заманауи диагностикалық технологияларды енгізу және кадрлық әлеуетті нығайту сияқты кешенді шаралар қарастырылған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript