Қазақстанда шамамен 2,5 мың аталым дәрі-дәрмек өндіріледі
Фото: pexels
Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында елімізде дәрілік заттардың өндірісін арттыру жұмыстары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Ол фармацевтика өнеркәсібін ел экономикасы үшін стратегиялық маңызды сала деп атап өтті.
"2029 жылға қарай дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың отандық өндіріс үлесін 50%-ға жеткізу мақсатында мемлекет бизнес-климатты жақсарту бойынша шараларды күшейтті. Заңнама инвестициялық преференциялар қарастырады: салық жеңілдіктері, ұзақ мерзімді келісімшарттар, дәрі-дәрмектерді нарыққа шығару мерзімін екі жылдан 100 жұмыс күніне қысқарту, 34 өндірушімен 90 ұзақ мерзімді келісімшарт жасалып, шамамен 2,5 мың аталым фармацевтикалық өнім өндірілетін болды", – деп жазылған жауапта.
Премьер-министрдің айтуынша, инновациялық препараттарды локализациялау үшін ірі халықаралық фармацевтикалық компаниялармен белсенді ынтымақтастық орнатылған, оның ішінде технологияларды трансферттеу және оқыту жұмыстары жүргізілуде.
"Жаңа Салық кодексіне сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап дәрі-дәрмек, медициналық бұйымдар, олардың құрамдас бөліктері мен техникалық қосалқы құралдарды сату және импортқа ҚҚС мөлшері 5%-ға, ал 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 10%-ға төмендетіледі", – деді премьер.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанда дәріханаларға шағым жасауға және дәрі-дәрмектердің бағасын онлайн тексеруге мүмкіндік берілетіндігі хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript