Қазақстан павильоны EXPO 2020 Dubai көрмесінде үздік павильондардың бірі атанды

Сурет: Telegram/World Dubai Expo 2020
30 наурыз күні Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) күні аясында Дүниежүзілік EXPO 2020 Dubai көрмесінің жұмысы қортындыланып, EXPO Awards марапаттарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан Республикасының Ұлттық павильоны әлемнің 192 елі арасында 2-орынға ие болды және басты жүлде «Көрме тақырыбын ашу» аталымы бойынша күміс жүлдеге ие болды.

Сурет: expo2017astana.com

Сонымен қатар Қазақстан павильоны халықаралық Exhibitor Magazine журналының нұсқасы бойынша Best Presentation номинациясында бірінші орынды және Best Large Pavilion номинациясында үшінші орынды жеңіп алды.

Қазақстан павильоны EXPO 2020 Dubai көрмесінде Топ-10 павильондары қатарында. Жалпы, көрме ашылғалы павильонды 1 млн 617 мың адам тамашалаған.

Анықтама үшін: «Көрме тақырыбын ашу» аталымы бойынша бірінші және үшінші орындарды Германия мен Италия иеленді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды