Алматы тұрғыны героиннің аса ірі партиясымен ұсталды

Сурет: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі
Полиция қызметкерлері 39 жастағы С. есімді азаматты есірткі сақтады деп күдіктенді. Ол Алматы қаласы Жетісу ауданында орналасқан базар маңында жедел-іздестіру шаралары барысында ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жеке тінту кезінде күдіктіден екі полиэтилен байламы табылды, оның ішінде ақшыл түсті ұнтақ және түйіршіктер түріндегі ерекше иісі бар зат тәркіленді. Ұсталған азаматтың айтуынша, ол есірткіні белгісіз ер адамнан сатып алған. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген зат аса ірі мөлшердегі есірткі героин болып шықты, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Сағындық Аяғанов.

Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөліміне сәйкес қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда қант диабетімен күрес күні қарсаңында көзді тегін тексеру шаралары ұйымдастырылды

"Қар жауып, көктайғақ болады". Жексенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ақтөбе облысында полицейлер Меккеге қажылыққа бара жатқан шетелдік азаматқа көмектесті

"Аукционға шыққан көліктер". Көкшетау тұрғыны таныстарының 41 млн теңгесін иеленіп, із-түссіз кеткен

Ақмола облысында жұмысшыны ауыр темір басып қалды