Жаңаөзен қаласының әкімі тағайындалды

Сурет: Жаңаөзен қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Бүгін, 5 сәуірде Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаттарына басқа жұмысқа ауысқан Мақсат Ибағаровтың орнына жаңа әкімнің кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісілген жаңа кандидат Айбек Қосуақов болды.

Айбек Қосуақов Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университетін «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша және Қонаев атындағы көлік және құқық университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы «Қаражанбасмұнай» кәсіпорнында оператор болып бастаған.

2001-2004 жылдар аралығында жеке кәсіпкерлікпен айналысқан.

2004-2006 жылдары «Жазық» АҚ атқарушы директоры.

2007-2020 жылдары «Таушық ауыл шаруашылығы» серіктестігінің басқарма төрағасы қызметін атқарған.

2020 жылдың қаңтарынан қазіргі уақытқа дейін – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі.

Халық қалаулылары Маңғыстау облысы әкімі ұсынған кандидатураны қолдап, жаңа әкімге жұмысына сәттілік тіледі.

Нұрлан Ноғаев өз кезегінде жаңа әкімге Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді