Бас прокуратура Қазақстаннан ақша шығару фактілері бойынша 20-дан астам істі тергеп жатыр - Жамаубаев

Сурет: Zakon.kz
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев үкімет отырысында елден заңсыз шығарылған қаржыны қайтару мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаржы министрлігі Ұлттық банкпен бірлесіп барлық статистикалық мәліметтер мен ақпаратты талдайды. Біз Қаржы мониторингі агенттігіне сегізге жуық іс бердік. Олар сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп, кейін қажет болса, қылмыстық істер қозғайды. Қателеспесем, сома сегіз жағдайда бір миллиард АҚШ долларының шегінде. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев

Сондай-ақ, ол Бас прокуратура тексеріп жатқан елден заңсыз қаражат шығару фактілеріне тоқталды.

Бас прокуратура қазірдің өзінде ашылған 20-дан астам қылмыстық істі тергеп жатыр. Олардың айтуынша, шығын көлемі де шамамен 1 миллиард долларға бағаланып отыр. Бірақ олар толық ақпаратты өздері бере алады. Ерұлан Жамаубаев
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Түркиядағы металлургия зауытындағы жарылысқа байланысты Ердоғанға көңіл айтты

Алматы әкімдігі нөсерден кейінгі жағдайға түсініктеме берді

Үкімет Алматы және Астана агломерацияларының құрамын өзгертті

Қазақстанда алғашқы медициналық көмек қызметкерлеріне қосымша ақы төлеу тәртібі белгіленеді

Қазақстанның 12 өңірінде қар аралас жаңбыр мен қар жауады: 11 қарашаға арналған жол болжамы