Мемлекеттік меншікке тағы бірнеше кәсіпорын қайтарылады — ҚР Үкіметі

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Көліктік сервис орталығы» акционерлік қоғамының (КСО) акциялары пакетінің 100%-ын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы «Темір Триумф» ЖШС-нің ұсынысы қабылдансын», — делінген Қаулы мәтінінде.

«КСО» АҚ Қазақстандағы 400-ден астам теміржол кірме жолдарының теңгерім ұстаушысы екенін атап өткен жөн. Сондай-ақ сыйға тарту шарты бойынша «Integrity Solutions» ЖШС ақпараттық-коммуникациялық салада қызмет көрсететін «Soft Art» ЖШС жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 50%-ын республикалық меншікке береді.

«Bridge capital investments limited» жеке компаниясы мемлекетке тау-кен және өңдеу өнеркәсібі салаларында жұмыс істейтін «Акмолит» ЖШС, «Мархит» ЖШС, «Топаз-НС» ЖШС жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерінің 100%-ын береді.

«КСО» АҚ акциялары және аталған серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестері «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларына төлеуге беріледі, делінген қаулыда.

Қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті