Балалар арбасын ұрлап кеткен әйелдің әрекеті камераға түсіп қалды

Сурет: pxhere
Нұр-Сұлтанда қонақтан қайтып бара жатқан әйел үй кіреберісіндегі балалар арбасын ұрлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Балалар арбасының ұрлануына қатысты полицияға Потанин көшесінде тұратын елорда тұрғыны арызданған.

Жәбірленушінің айтуынша, құны 50 мың теңге тұратын балалар арбасы бейнебақылау камераларымен жабдықталған үй кіреберісіндегі баспалдақ алаңының астында тұрған.

Іздестіру шараларын жүргізу барысында “Сарыарқа” ауданының полиция қызметкерлері 57 жастағы әйелді ұстады.

Ол өзінің танысына ауызашарға қонаққа келгені анықталды.

Күдікті түнде қайтып бара жатып, кіреберісте тұрған балалар арбасын көріп, өз қажеттілігіне қолдану мақсатында ұрлап әкеткен.

Арба иесіне қайтарылды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс