23 млн теңгені ставкаға тіккен ақтөбелік түрмеге қамалады

Сурет: Zakon.kz
23 млн теңгені ставкаға тіккен ақтөбелік ұтылған ақшаның “ұрлығын” ұйымдастырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

4 сәуір күні №2 қалалық полиция бөліміне 29 жастағы ер адам ұрлық бойынша арызданды.

Оның айтуынша, 101-атқыштар дивизиясы көшесінде Lada Priora автокөлігінен белгісіз біреулер 23 млн теңге ақша салынған пакетті ұрлап кеткен.

Полиция қызметкерлері жедел іс-шараларды жүргізу барысында ұрлық дерегінің қаланың басқа бөлігінде болғанын анықтады.

Айғақтарды көрсеткеннен кейін, ер адам ұрлық дерегін өзі ойластырып, күдікті ретінде танысын қатыстырғанын айтты.

Шын мәнінде, жәбірленуші жұбайына айтпай, ақшаны ұтысқа тіккен. ҚР ҚК 419-бабы 3-бөлігі (Көрінеу жалған сөз жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілуде.

Осы баптың санкциясында сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Талдықорған маңындағы жантүршігерлік жол апаты: үш адам қаза тауып, алтауы жарақат алды

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады