Алматы полициясы: қоғамдық орындарда қалта ұрысы жүрген

Сурет: Zakon.kz
24 жастағы қала тұрғыны бірнеше ұрлық жасады деген күдікке ілінді. Полицияның мәліметінше, жас қаскөй адам көп жиналатын жерлерде: базарда, дүкенде, жол қиылысында ұрлық жасаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Оның соңғы «ісі» азық-түлік супермаркетінде тіркелген. Ол әйелдің қалтасынан ұялы телефонын ұрлап кеткен. Дәл сол жерде, қылмыс жасаған кезде күдікті бейнебақылау камераларының объективіне түсіп қалған. Жедел - іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды. Бұл - 1997 жылы туған К.есімді азамат. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу шаралары барысында, қазіргі кезеңде, күдіктінің бөтеннің мүлкін ұрлаудың кем дегенде 3 дерегіне қатыстылығы анықталды», - деді, Алмалы аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.

Айтпақшы, бұрын жас жігіттің мүліктік қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Жеңіл ақшаны ұнататын азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Қытайдағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Жыл басынан бері елімізде 18 заңсыз ойынхана табылып, 27 қылмыстық іс қозғалды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

"Найзағай, бұршақ, аптап ыстық". Сейсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

"Ақерке". Димаш жаңа әні шыққанын айтып, жанкүйерлерін елеңдетіп қойды