Ұлттық банк басшысы: Базалық мөлшерлеменің қазіргі деңгейі жайында айтты

Қазіргі уақытта белгіленіп жатқан базалық мөлшерлеменің деңгейі сәйкес және қазіргі жағдайға толық сәйкес келеді, деді брифингте ҚР Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов.

ҚҰБ Төрағасы Ғ. Пірматовтың айтуынша, қазіргі жағдайда инфляцияның өсу үрдісін кері қайтару үшін базалық мөлшерлемені арттыру қажет. Бұл ретте базалық мөлшерлеменің деңгейіне қатысты шешім теңдестірілген және бұл шешім оның экономикалық белсенділікке әсерін ескере отырып қабылданады.

«Біз бұдан несиелеуге және экономикалық өсуге айтарлықтай қауіп төндірмейтінін көріп отырмыз, бірақ инфляцияны бақылау үшін аса маңызды. Белгіленген базалық мөлшерлеменің деңгейіне қатысты айтатын болсақ, қазіргі уақытта оңтайлы шешім болғаны сөзсіз және бүгінгі қалыптасқан жағдайға толықтай сәйкес келеді. Жұмсартылған ақша-кредит саясаты бір мезеттік күмәнді пайдаға кенелтуі мүмкін, бірақ ұзақ мерзімді перспективада оның салдары қайтарымсыз болады», – деді Ғ. Пірматов ҚҰБ-тың баспасөз-брифингі кезінде.

Брифингте айтылған мәліметтерге сәйкес, несиелендіру көлемінің өсуіне қарап экономикалық белсенділікті бағалауға болады. Мәселен, бірінші тоқсанда экономикаға берілген жаңа кредиттердің көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 25,3%-ға ұлғайды, оның ішінде бизнеске – 19,6%, халыққа – 32,5%.

«Дегенмен, 2022 жылдың наурыз айының қорытындысы көрсеткендей, белгісіздік белең алып, несие беру шарттары өзгеріп жатқан жағдайда мөлшерлеменің көтерілгені кредиттеу үшін тежеуші фактор болмайды», - деді Ғ.Пірматов.

Базалық мөлшерлеме бойынша қабылданған бұл шешім теңгедегі активтердің тартымдылығын арттырады. Бұл өз кезегінде халықтың райын тұтынушыдан жинақтауға қайта теңдестіруге мүмкіндік береді.

«Сонымен қатар инфляциялық күтулердің траекториясын, инфляция бойынша жаңартылған болжамдарды, жиынтық сұраныс пен импортты, сондай-ақ басқа да қосымша инфляциялық шоктардың пайда болу тәуекелін ескере отырып, ақша-кредит шарттарын одан әрі күшейту үшін де сақталған кеңістік бар», - деп түйіндеді Ғ. Пірматов.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2022 жылы 6 маусымда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:00-де жарияланады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: