Қазақстандық жоғары оқу орнының жалауы алғаш рет ғарышта болды

Сурет: pixabay
Қазақстандық жоғары оқу орнының жалауы алғаш рет ғарышта болды. Көкшетаулық жоғарғы оқу орнының 60 жылдығы аясында білім ордасының белгісі 18-наурызда халықаралық ғарыш станциясына жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Вымпелге ғарышкерлер мен астронавттардың қолы қойылған. Сондай-ақ, халықаралық ғарыш станциясының арнайы мөрі басылды, деп жазады qazaqstan.tv.

Осы уақытқа дейін ғарышқа халықаралық деңгейде танымал бірқатар шетелдік университеттердің жалаушалары жеткізілген. Қазақстандық оқу орындарының арасынан бұл бірінші рет болып отыр.

Вымпелді халықаралық ғарыш станциясына «Союз МС-21» басқарған кеме жеткізді, ал 30 наурызда «Союз МС-19» ғарыш кемесі ресейлік-американдық халықаралық экипажымен түсірілетін аппаратында вымпел жерге жеткізілді. Аталған миссия ҚР Білім және ғылым министрлігінен қолдау тауып, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетінің көмегімен жүзеге асырылды. Аяулым Құлжанова, университет студенті
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты