Сотталған азамат Абай өлеңдерін латын графикасындағы қазақ әліпбиіне аударып, өзгелерге үйретіп жүр

ШҚО мекемесінде сотталған Абай Құнанбаевтың өлеңдерін латын графикасындағы қазақ әліпбиіне аударып, өзге сотталғандарды латын графикасына үйретуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өмір болған соң, жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды, өмірде жаза басып темір тордың артына түссе де, болашаққа деген сенімді жоғалтпау өте маңызды. Мекеме қызметкерлерінің басты мақсаттарынада сотталғандарға барынша көмек көрсетіп, болашаққа, өзгеруге деген талпыныстарын арттыру болып табылады.

Соның бір дәлелі сотталғандардың Болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қазақ әліпбиін латын графикасына ауыстыру міндеті бойынша, латын графикасындағы қазақ әліпбиін үйренуге деген қызығушылықтарының артуы.

Сурет: Zakon.kz

ОВ-156/20 мекемесінде жазасын өтеп жатқан Дастан (есімі өзгертілген), темір тордың артында отырса да, мемлекетіміздің игі бастамасы Қазақстан Республикасының таяу жылдағы міндеттерінің орындалуына өз үлесін қосып, Абай Құнанбаевтың өлең жолдарын латын графикасындағы қазақ әліпбиіне аударып, басқа сотталғандардың қызығушылығын арттыруда.

«Жасақ бастығына латын графикасын үйренгім келетінін айтып, латын графикасындағы қазақ тілі әліпбиін алғызып, оқи бастадым. Қазақ тілінде еркін сөйлетіндерге латын графикасындағы қазақ әліпбиін үйрену аса қиын емес. Латын графикасындағы қазақ әліпбиін үйренудегі басты мақсатым, Қазақстан Республиксының 2025 жылға қарай біртіндеп латын графикасына ауысу жұмыстары басталуына байланысты, болашақта жұмысқа тұрып жатқан жағдайда латын графикасын білетін білікті маман болу және отбасыма, балаларыма үйрету болды. Алғашында отбасыма латын графикасында хат жазудан басталды. Ал қазіргі кезде Абай Құнанбаевтың өлеңдерін латын графикасына аудара алатын жағдайға жеттім, бұл өлеңдерді көрген басқа сотталғандардың да қызығушылықтары артып, қазір кішігірім оқытушы болып жүрмін» - дейді жазасын өтеуші.
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: